Қазақстандықтардың дербес деректеріне қол жеткізу кері қайтарылады


Осы жылдың соңына дейін Қазақстанда дербес деректерді қайтарып, барлық шоттарды бір банктік қосымшада көруге мүмкіндік беретін жобалар іске қосылады, деп хабарлайды LS.

Plus-Forum IV форумы барысында Ұлттық төлем корпорациясының басқарма төрағасы Бинұр Жәленов осы жылдың соңына дейін жүзеге асырылатын бірнеше іс-шараларды жариялады. Қараша айында цифрлық теңгенің (бірінші кезең), Open Banking (бірінші кезең), антифрод-орталықтың пилоттық жобаларын іске қосу және ағымдағы сервистерді жаңғырту күтілуде. Оның ішінде биометриялық сәйкестендіру мен цифрлық қолтаңбаға көшу бар.

Сонымен қатар, open Banking тестілеуінің бөлігі ретінде бірқатар банктердің тұтынушылары белгілі бір екінші деңгейлі банктердің қосымшасында әртүрлі қаржы институттарына тиесілі жеке шоттарды көре алады.

"Биылғы жылы пилоттық режимде цифрлық келісім құралы іске қосылады, онда тұтынушылар кімге, қашан және не үшін дербес деректерге қол жеткізуге келісім бергенін көре алады және осы келісімді қайтарып алуға мүмкіндік алады", — деп қосты Жәленов.

Кейін Ұлттық төлем корпорациясының басқарма төрағасының орынбасары Жанар Самаева рәсімнің қалай өтетініне толығырақ тоқталды.

"Біз қатысушыларды топтастырдық – бұл мобильді қосымшаның функционалдығын жетілдіретін екінші деңгейлі банктер, онда оның клиенті басқа қаржы институттарының шоттарын ашық банкинг интерфейсінде тарта алады. Сондықтан қазіргі мақсат – әрбір инфрақұрылымдық компонентті сынақтан өткізу", — деп түсіндірді ол.

Егер жоба сәтті жүзеге асырылса, екінші кезеңде шоттар арасында аударымдар мен төлемдерді бастау қолжетімді болады. Келешекте Ұлттық төлем корпорациясы қаржылық өнімдер алаңын кеңейтуді жоспарлап отыр.

Самаева жобаның қатысушылары Bank RBK, Home Credit Bank, Отбасы Банкі, Altyn Bank және ЦКБ екенін атап өтті. Тестілеу жұмысы шектеулі фокус-топта (150-200 адам) жүргізілетін болады.

Өз кезегінде Ұлттық банктің төлем жүйелері департаменті төлем жүйелері саясаты басқармасының бастығы Арлен Молдабеков бөлшек төлемдер көрсеткіштеріне жеке тоқталды.

Ол атап өткендей, соңғы бес жылда халықтың қолма – қол ақшасыз операцияларының көлемі 16 есе өсті, ал бөлшек айналымдағы қолма-қол ақшасыз төлемдердің үлесі шамамен 83,1%-ды құрады (2023 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша), ал 2018 жылғы көрсеткіш – 37,8%.

Бес жыл ішінде онлайн-төлемдер көлемінің – 45 есе, интернет-және мобильді банкингтің белсенді пайдаланушыларының саны- жеті есе, қолма-қол ақшасыз төлем қабылдайтын кәсіпкерлер саны-сегіз есе өскені байқалады.

Ал Freedom Bank басқарушы директоры Абылайхан Оспанов банктік несиелеу үрдістерінің қалай өзгергені туралы айтып берді.

Оның сөзінше, 2019 жылдан бастап жеке тұлғаларға берілетін қарыздардың үлесі шағын және орта бизнес (ШОБ) несиелерінің үлесінен едәуір асып түсті және өсуін жалғастыруда. Ол жеке тұлғалардың несие портфелін 13,8 трлн теңгеге дейін ұлғайту цифрлық өнімдерді енгізуге және несие алу рәсімдерін жеңілдетуге байланысты екенін түсіндірді. Мысал ретінде, спикер Freedom Bank цифрлық ипотекасын енгізуді келтірді, ол іске қосылған сәттен бастап 213 млрд теңгеден астам тұрғын үй қарызы рәсімделді.

Сондай-ақ, Оспанов Қазақстандағы шағын және орта бизнесті несиелеу әлеуеті туралы айтты. Оның талдауы бойынша, елімізде 1,4 млн кәсіпкер тіркелген, оның ішінде 840 мыңға жуық кәсіпкер "Даму" қорынан портфельдік субсидиялау бағдарламасына сәйкес келеді. Осы бағдарлама шеңберінде 100% несие беру кезінде әлеует 5,2 трлн теңгеге бағалануы мүмкін.

"Қарыздардың тек 10%-зы берілсе де, несиенің орташа мөлшері 6,2 млн теңге болғанда, нарықтың әлеуеті 520 млрд теңгені құрайды, яғни ШОБ-қа несие берілу керек", — деп атап өтті ол.

Қандай жаңалық бар?

Что нового?

Новости Қандай жаңалық бар?\Что нового? - освещение широкого спектра событий, происходящих в Казахстане, Центральной Азии, СНГ, странах ближнего и дальнего зарубежья.

Newsletter