Мемлекет басшысы "Түркі әлемі" брендін дәріптеуге шақырды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Түркі әлемі" атты жаңа брендті дәріптеуге шақырды. |
Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Ақордаға сілтеме жасап хабарлайды.
"Түркі жұрты Байкалдан Балқанға дейінгі ұлан-ғайыр аумақты жайлап жатыр. Түркі әлемінің өркениеті Ұлы даладан бастау алатыны баршаға мәлім. Осы ортақ құндылықтарымыздың мұрагері – Түркі мемлекеттері ұйымы.
Қазақстан Түркі мемлекеттері ұйымын одан әрі дамытуға мүдделі. Түркі ықпалдастығын тереңдету – ортақ мұрат. Біз "Түркі әлемі" атты жаңа брендті дәріптеуіміз керек. Сонда ғана түркі халықтарының ынтымағы барынша нығайып, әлеуеті арта түседі.
Қазақстан ұйымға төраға ретінде өзара іс-қимылды жандандыруға баса мән беріп отыр. Сондай-ақ біз түрлі саладағы байланысты орнықтыруға, халықаралық беделімізді көтеруге күш саламыз", — деді Мемлекет басшысы.