«9-20-25» бағдарламасы іске қосылатыны рас па? 06 ноября 2023, 15:31

Әлеуметтік желіде «9-20-25» бағдарламасы іске қосылатыны хабарланды. Massaget.kz тілшісі бағдарламаға «жауапты» мекемелерге хабарласып көрді.

Бұған дейін Instagram-дағы dauletten парақшасында «9-20-25» бағдарламасы іске асырылғалы жатқаны туралы ақпаратты жариялады.

«Бәйтерек» холдингі Отбасы банк жақында «9-20-25» бағдарламасын іске қосады.

9 пайыз жылдық үстемақы;

20 пайыз бастапқы жарна;

25 жылға дейін ипотека рәсімдеуге мүмкіндік болады», — делінген ақпаратта.

Massaget.kz тілшісі «Бәйтерек» холдингі пен Отбасы банкке хабарласты.

«Бәйтерек» бұл ақпаратты растамайды. Отбасы банк сіз айтқан мәліметті (9-20-25 бағдарламасының іске қосылуын — еск.) растамайды, бізде мұндай бағдарлама жоқ», — деді Отбасы банктің баспасөз қызметі өкілдері.

Айта кетейік, бүгінде елімізде «7-20-25» бағдарламасы жұмыс істейді. Оның операторы — «Қазақстанның орнықтылық қоры» АҚ.

Қандай жаңалық бар?

Что нового?

Новости Қандай жаңалық бар?\Что нового? - освещение широкого спектра событий, происходящих в Казахстане, Центральной Азии, СНГ, странах ближнего и дальнего зарубежья.

Newsletter