"Болашақ" стипендиясының иегерлері анықталды

"Болашақ" халықаралық стипендиясы иегерлері белгілі болды.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

172 қазақстандық "Болашақ" халықаралық стипендиясының иегері атанды. Оның ішінде 138 адам магистратурада, 8 адам докторантурада, 26 қазақстандық әлемнің жетекші университеттері мен өндірістік орталықтарында тағылымдамадан өтуге жіберіледі.

Бұл ретте стипендиаттардың басым көпшілігі табиғи-техникалық блок бағыттары бойынша шетелде білім алады.

"Болашақ" стипендиаттар тізімін мына жерден көре аласыздар.

Қандай жаңалық бар?

Что нового?

Новости Қандай жаңалық бар?\Что нового? - освещение широкого спектра событий, происходящих в Казахстане, Центральной Азии, СНГ, странах ближнего и дальнего зарубежья.

Newsletter