Әкесі 14 жасар туған ұлын көзі көгергенше, беті іскенше ұрған


Өзбекстан Ішкі істер министрлігі өкілі Үргеніште соққыға жығылған балаға қатысты пікір білдірді. Баланың бетіндегі, басындағы көгерген іздер, жарақаттар әкесінің ісі екен, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Podrobno.uz-ға сілтеме жасап.

Желіде тараған видео авторы 14 жастағы баладан бетіндегі жарақаттары туралы сұрайды. Кадрларда баланың беті ісінгені, көзінің асты көгергені көрсетілген.

ІІМ баспасөз хатшысы Шохрух Ғиясовтың сөзінше, он төрт жастағы баланы әкесі ұрып-соққан. Оқиға 7 қаңтарда болған. Ата-ана ұлын жағымсыз қылығы үшін жазалапты.

Балаға медициналық және психологиялық көмек көрсетілді. Құқық қорғау органдары соталды тексерісті бастады және сот-медициналық сараптама тағайындады.

Еске салайық, бұған дейін Алматыда әкесі туған екі ұлын аяусыздықпен өлтіргені хабарланды.

Қандай жаңалық бар?

Что нового?

Новости Қандай жаңалық бар?\Что нового? - освещение широкого спектра событий, происходящих в Казахстане, Центральной Азии, СНГ, странах ближнего и дальнего зарубежья.

Newsletter