Германия қымызды патенттеп алды ма – Әділет министрлігінің жауабы

Германияда қымыздың құрғақ ұнтағынан капсула немесе түйіршіктелген түрлерін жасауға патент берілген.

Германияда қымызға емес, оны өндіру әдістеріне ғана патент бар. Бұл туралы Әділет министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли айтты, деп хабарлайды Сaravan.kz медиа порталы Kazinform-ға сілтеме жасап.

«Қазір қоғамда дәстүрлі сусынымыз – қымызға қатысты алып-қашпа әңгімелер көп. Тіпті кейбір ақпарат құралдарында қымызды Германия патенттеп алыпты деген әңгіме де бар. Осы орайда Германияда қымыз бен бие сүтіне, яғни саумалға ешкім патент алмағанын атап өткім келеді. Иә, шынында да, Германияда патенттер бар, бірақ қымызға емес, оны өндіру әдістеріне ғана. Қымыз Германиянікі деген түсінік еш уақытта болмайды. Өйткені, қымыз тек Қазақстанда емес, Орталық Азия елдерінде өндіріледі. Ол бір елдің өнімі деп патенттелмейді», — деді Талғат Уәли.

Ресми өкілдің атап өтуінше, Германияда қымыздың құрғақ ұнтағынан капсула немесе түйіршіктелген түрлерін жасауға патент берілген.

«Ал Қазақстанда ұлттық өтінім өндірушілерге қымыздың өзіне емес, таблеткадағы қымызға, сондай-ақ кептірілген бие сүтіне, яғни өндіру әдістеріне патент берілді», — деді ол.

Қандай жаңалық бар?

Что нового?

Новости Қандай жаңалық бар?\Что нового? - освещение широкого спектра событий, происходящих в регионах РФ, Центральной Азии, СНГ, странах ближнего и дальнего зарубежья.

Теги

#сердечная проводимость #ГКБ Вересаева #армия России #Владимир Сидорович #Оzon #Эмин Агаларов #ОВД Долгопрудного #Борис Надеждин #Минюст России #газпром трансгаз казань #особый порядок суда #подкуп арбитров #Скородумов #Кировский район Казани #дикорастущая конопля #сокращение слов #разговорный письменный язык #Татьяна Гартман #Галина Бобкова #деловая переписка #Исмаил Багаи #поиски женщины #рост доходов #недорогая обувь #недорогая одежда #поддержка отечественных производителей #Патриот #Lockheed Martin #RTX #нацсистема обороны #Юкка-Пекка Шредерус #ядерная угроза #Хельсинки #международный контроль #Дмитрий Стешин #Hornet #Saint Tropez Twist #Il sorpasso #Франко Скипани #Пеппино Ди Капри #Сан-Ремо #REWE #Императорская армия Японии #Олег Айрапетов #японско-китайская война #Нанкин #Нанкинская резня #Метлайф Стэдиум #Союз независимых социал-демократов #2021 год

Newsletter