Семейде үш автокөлік соқтығысты

Қуанышқа орай зардап шеккендер жоқ.

"Алдын ала мәліметтерге сәйкес, Chevrolet Cobalt автокөлігінің жүргізушісі жолақ ауыстыру кезінде маневрдің қауіпсіздігіне көз жеткізбей, қатар қозғалып келе жатқан Volvo жүк көлігімен соқтығысқан", — деп хабарлады ПД баспасөз қызметінде.

Соқтығыстың салдарынан жүк көлігі оң жақ жолақта келе жатқан Toyota Carina жеңіл көлігіне де зақым келтірген. Оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ.

Chevrolet Cobalt автокөлігінің 39 жастағы жүргізушісі жол жүру ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сурет: Абай облысы ПД баспасөз қызметі

Қандай жаңалық бар?

Что нового?

Новости Қандай жаңалық бар?\Что нового? - освещение широкого спектра событий, происходящих в Казахстане, Центральной Азии, СНГ, странах ближнего и дальнего зарубежья.

Newsletter