Қырғызстанда жер сілкінді
Қазақстан Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты сейсмикалық стансалар желісі бүгін Алматы уақытымен сағат 07:54-те жер сілкінісі болғанын тіркеді. |
Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 553 шақырым жерде, Қырғыз Республикасы аумағында орналасқан, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-портплы turkystan.kz сайтына сілтеме жасап.
«Жер сілкінісінің энергетикалық класы 9.8. Магнитудасы MPV 4.4. Эпицентр координаттары 40,04° с.е., 83,47°ш.б. Тереңдігі – 5 км. Cезілуі туралы ақпарат (MSK-64 шкаласы бойынша) түскен жоқ», – делінген хабарламада.