Баян Алагөзованың сотталып шыққан бұрынғы күйеуі кеудесіне медаль тақты

Баян Алагөзованың бұрынғы күйеуі Бақытбек Есентай сүйінші жаңалығымен бөлісті.

Ол кеудесіне медаль тағылғандығы туралы желіде жария етті, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы.

Медальді Қазақстан спорттық және жауынгерлік самбо федерациясы табыстаған. Сөйтіп, Бақытбек Есентай "Құрметті спорт ардагері" медальімен марапатталды.

Айта өтейік, белгілі кәсіпкер әйелі Баян Есентаеваға (қазіргі Алагөзоваға) пышақпен бірнеше рет соққы жасағаны үшін 9 жылға бас бостандығынан айырылған болатын.

Бақытбек Есентаев 9 жылдың 6 жылын өтеп, жәбірленушінің келісімімен бостандыққа шыққан еді.

Қандай жаңалық бар?

Что нового?

Новости Қандай жаңалық бар?\Что нового? - освещение широкого спектра событий, происходящих в Казахстане, Центральной Азии, СНГ, странах ближнего и дальнего зарубежья.

Newsletter