Қазақстанда блогерлер салықты қалай төлейтіні белгілі болды

Премьер-министрдің орынбасары — қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Қазақстанда қанша блогер барын және олар салықты қалай төлейтінін айтты.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

"Бүгінде 400-ден аса блогер тіркелген. 2023 жылы олар 200 миллион теңгеден аса салық төлеген. Егер олардың қызметі бизнеске қатысты болса, әрине, салық төлеуі керек. Бұл үшін арнайы салық режимі бар. Жүктеме 1 пайыздан 4 пайызға дейін", — деді Жамаубаев.

Министр блогерлердің жұмысы монетизацияланбаса және кәсіпкерлікпен ешқандай байланысы болмаса, оларға салық төлеудің қажеті жоқ екенін атап өтті.

Қандай жаңалық бар?

Что нового?

Новости Қандай жаңалық бар?\Что нового? - освещение широкого спектра событий, происходящих в Казахстане, Центральной Азии, СНГ, странах ближнего и дальнего зарубежья.

Newsletter