"Мен мұны күткен жоқпын": Қарағандыда соққыға жығылған жедел жәрдем жүргізушісі өзіне жасалған шабуыл туралы айтты

Қарағандыда соққыға жығылған жедел жәрдем жүргізушісінің ауруханада түсірілген видеосы пайда болды.

Онда жүргізуші өзіне жасалған шабуыл туралы айтып берді, деп хабарлайды Сaravan.kz медиа порталы.

Видео Qumash Telegram арнасында пайда болды. Ер адамның бетінде көгерген жерлер мен ісіктер көрінеді. Жәбірленушінің айтуынша, оқиға қаңтардың 26-сынан 27-сіне қараған түні болған. "Түнде сағат 23:57-де бізге қоңырау түсті.(...) Біз сонда бардық, екі фельдшер науқасқа жылдам кіріп кетті, мен көлікте күттім. Артынша белгісіз біреу келіп, көлік сәл шайқалады. Не болғанын түсінбедім. Ол балағаттай бастады, мен мән бермедім.

Сосын тағы қайтып келіп, тағы да балағат сөздер айтты, мен көліктен түсіп: "Түн ортасында неге мені балағаттап жатырсың, мен де бекер келген жоқпын?" дедім. Ол: "Жоқ, сен менің жолымды жауып тастадың! Тұраққа бара алмайсың ба?" деді", – деп әңгімеледі жәбірленуші. Оның сөзінше, бір сәтте ер адам жүргізушіні ұрып жіберген. Жедел жәрдем жүргізушісі шок алғанын айтты. Біраздан соң дәрігерлердің екінші бригадасы мен полиция қызметкерлері келген. "Шынымды айтсам, мен бұны күткен жоқпын. Халық үшін, адам өмірін құтқару үшін жұмыс істейсің, бірақ өзіміз соққыға жығыламыз. Бұл әділ емес. Өкінішті нәрсе", — деді жүргізуші.

Айта кетейік, бұған дейін Қарағанды тұрғыны жедел жәрдем жүргізушісін соққыға жығылғаны туралы видео тараған еді. Өңірлік полиция оқиғаға қатысты пікір білдіріп, жедел жәрдем қызметкеріне күш көрсеткен ер адамның анықталғанын хабарлады. Қазір оны іздестіріп жатыр.

Қандай жаңалық бар?

Что нового?

Новости Қандай жаңалық бар?\Что нового? - освещение широкого спектра событий, происходящих в Казахстане, Центральной Азии, СНГ, странах ближнего и дальнего зарубежья.

Newsletter