Қазақстан Елтаңбасы: кеңестік символикадан түркі символикасына дейін

Атырауда өткен Наурыздағы Ұлттық құрылтайда президент Қасым-Жомарт Тоқаев қабылдауы «тым күрделі» болуына байланысты Елтаңбаны өзгертуді ұсынған-ды. Сондай-ақ елтаңбада «эклектика және кеңес дәуірінің белгілері мен элементтері» бар делінген еді.

Аталмыш бастама жаппай талқылана бастады, қарсыластардың тіпті бір-біріне тіл тигізген сәттері де орын алған-ды. Осы сәтте парламент депутаты, тарих ғылымдарының докторы Еркін Әбіл еліміздің негізгі рәміздеріне қатысты пікірталасты мәдени арнаға ауыстыруды ұсынып, үкіметке депутаттық сауал жолдаған еді.

Естеріңізге сала кетсек, қолданыстағы Елтаңбаны 1992 жылы ҚР Жоғары Кеңесі бекіткен болатын. Еркін Әбілдің сөзіне қарағанда символиканың мәні тереңде жатыр, ұлттық дәстүрлермен байланысты.

Алайда композициялық тұрғыдан алғанда – бұл бір үлгіде құрылған, барлық одақтас республикаларға тән, ортақ Елтаңба, – дейді тарихшы. Ол дөңгелек пішінді, масақтары тұлпарға-мифтік сақ жылқысының қанаттарына ауыстырылды, орақ пен балғаның орнына шаңырақ қойылды, күн сәулесі жоғары көтеріліп, киіз үйдің уығына (күмбезіне) айналды. Төмендегі «Қазақ КСР» жазуы «Қазақстанға» ауыстырылды, ал жұлдыз мүлдем өзгеріссіз қалды.

Мен тәуелсіз Қазақстанның алғашқы Елтаңбасын жасаған, суретші Жандарбек Мәлібековпен сөйлестім. Суретші ұсынған бастапқы эскиз де, біз білетін нұсқадан сәл өзгеше болған-ды. Жұлдыз сегіз бұрышты болды (мұсылман елдерінің дәстүрлі символы), бірақ Қазақстан Республикасының жаңа мемлекеттік рәміздерін дайындау жөніндегі комиссия кеңестік бес бұрышты үлгіні қалдырды. Неліктен бұлай жасады деген сұрақтың тамыры, менің ойымша, мәселеге үстірт қарауда жатқан тәрізді. Соңғы рет қазақ халқының дәстүрлі геральдикалық жүйесі ХІХ ғасырдың бірінші жартысында мемлекеттік деңгейде қолданылды. Кейін оны алдымен Ресей империялық геральдикалық дәстүрі, артынша кеңестік дәстүр толығымен ығыстырып шығарды, ал 90 -шы жылдардың басында біз басқа үлгіні білмеген едік.

Кейінірек 1992 жылы бекітілген Елтаңбаға бес рет түрлі өзгерістер енгізілді. Бірде түсі, бірде басқа да элементтері өзгертілді, бірақ символика өзгеріссіз қала берді. Естеріңізге сала кетейін, шаңырақты қорғайтын екі қанатты және мүйізді сақ жылқыларынан басқа елтаңбада өзге тарихи мемлекеттік символдар жоқ. Алайда мұндай тұлпарлар да жаңа істердің бірі саналады. Билеушінің жанын Жоғарғы әлемге жетелейтін мифтік жануарлар-сақ кезеңінің символикасы. Б.з. 1 мың жылдығының басында олар кең таралған болатын.

Ұлы даланың дәстүрлі геральдикасы – абстрактілі белгілермен, яғни атағы мен иесінің аты жазылған таңбалар-мөрлермен байланысты. Ақ сүйек – Шыңғыс хан ұпақтары үшін тамшы тәрізді қабылданды, «қара сүйекте» дөңгелек пішін болды. Әрбір дала мемлекеті өз символикасының (туының) ортасында билеушілер мен әулеттердің жеке немесе ұжымдық таңбаларын қойды. Сонымен, тимуридтер мемлекетінде үш шеңбер символы болды, Алтын Ордада – Босаға тамгасы (табалдырық, есік жақтауының бүйір тірегі) Жарты Ай, Қазақ хандығында – тарақ тамгасы (жотасы), іс жүзінде екі еселенген Босага таңбалары болды. Осыған ұқсас тарақ тамгасы, Қырым Гирейлер әулетінің символы, кейінірек Қырым-татар ұлттық қозғалысының ресми символына айналды.

Сондықтан да, қазір, менің ойымша, ежелгі түркі мемлекеттерінің, Алтын Орданың және Қазақ хандығының елтаңбаларын еске түсіру үшін Геральдика тарихы бойынша мамандарды тарту керек, бәлкім оларды жаңа Елтаңбаны жасауға тарту керек шығар. Біздің мемлекетіміз 1991 жылы пайда болған жоқ. Егер қазақ мемлекетін нақты ескеретін болсақ, онда біз Қазақ хандығынан, яғни XV ғасырдан бастауымыз қажет. Алайда қазақ хандығы да бір сәтте пайда болған жоқ, оның шығу тегі ғасырлар қойнауынан, сақтар қоғамынан, яғни біздің дәуірімізге дейінгі VII-III ғасырлардан бастау алатыны сөзсіз.

Елтаңбамыздың бүгінгі символикасына келетін болсақ, шамадан тыс жүктемеге толы. Мұны мойындауымыз керек. Кез-келген шетелдік оған зер салып қарайтын болса, еш нәрсе түсінбесі анық. Шаңырақ олар үшін жай ғана айқыш белгі тәізді көрінеді, ал кереге (киіз үйдің негізі) мен уық кәдімгі тор мен жолақ тәрізді қабылданады. Ал мемлекеттік рәміздер арқылы әлем отанымызды танитынын естен шығармаған абзал.

Өзге елдерде, мәселен Канада мен Ұлыбританияның да елтаңбалары күрделі келеді, алайда оларда символдар сондай көп емес, арыстан, жалғыз мүйіз, тәж– барлығы дүйім жұртқа таныс бейнелер.

Осы және осыған ұқсас өзге де жағымсыз жәйттар жөнінде Қазақстан Президенті ғана айтқан жоқ. Елтаңбаны өзгерту бұрын ұсынылған-ды. Әлеуметтік желілерде мен осы тақырыпта, тіпті сауалнама жүргізілгені туралы ақпаратты таптым.

Көптеген қазақстандықтар кез келген өзгерістерге үзілді-кесілді қарсы екенін білдірді, тіпті қарсыластарының көзқарастары да өміршең болып табылатынын мәлімдеген-ді. Бітімге келу үшін мәдени, өміршең әрі өркениетті пікірталас жүргізіп, өзгерістерді қолдайтындарға да, оған қарсы болғандарға да дәлелді, дәйекті түрде пікір білдіруге мүмкіндік беру керек.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұстанымына келетін болсақ, Конституция бойынша ол заң шығару бастамасы құқығына ие тұлға. Демек, мұндай жоғары лауазымды тұлғаның пікірін елемеуге құқымыз жоқ. Оның йтқандарымен келісу немесе келіспеу – бұл басқа мәселе. Мемлекет басшысының айтуынша, жаңа Елтаңбаны талқылау үшін арнайы комиссия құру қажет, алайда мұның қазынаға қанша шығын әкелетінін біліп алуымыз керек. Бүгінгі күні мен Олжас Бектенов үкіметіне жаңа Елтаңбаға жұмсалатын шығындардың нақты сомасын есептеуді сұрап, мұны қазір істеуіміз керек пе, әлде жарқын күндерге шейін шегере тұруымыз қажет пе?, осы мәселеге байланысты депутаттық сауал жолдадым.

Осы айтылғандардан бөлек, кейбір Еуропа елдерінде елтаңбаға қатысты бір емес, оның үш нұсқасы да қатар жүреді. Мәселен, «толық» немесе «үлкен Елтаңба» ұғымдары бар. Онда елтаңбаның барлық элементтері кездеседі. Бір, негізгі символды қолданатын «шағын елтаңба» да бар.

Оларды қолдану тәртібі Конституциялық заңмен белгіленеді. Жоғары билік органдары үлкен Елтаңбаны, ал муниципалдық органдар кіші Елтаңбаны пайдаланады. Немесе халықаралық шарттарда мөр үлкен Елтаңбамен, ал кейбір ведомствоаралық келісімдерде-кіші-гірім мөрмен қойылады делік. Яғни, халықаралық геральдикада белгілі бір ережелер жоқ.

АҚШ-та Елтаңба мүлдем жоқ. Олар елтаңбаның орнына үлкен мөрдің алдыңғы жағын пайдаланады. Түркияда да Елтаңба жоқ, әрине қабылдағысы келді, бұл мәселе Парламентте ұзақ уақыт талқыланды, алайда депутаттар келісімге келе алмады, бүгінде олар Елтаңбаның орнына танымал эмблеманы – бес бұрышты жұлдызы бар Қызыл жарты айды қолданады.

P.S.

Мен халқыма Елтаңбаны шын жүрегіммен жасадым, ол байқауға ұсынылған 245 эскиздің ішінен таңдалып алынды, – деді Елтаңбаның авторы Жандарбек Мәлібеков. Оған қазақстандықтар да, өзбектер де, қырғыздар да, Қытай мен Моңғолия азаматтары да ат салысты. Мен Қызылорда облысының Жаңақорған уданының тумасымын, бірақ Ташкентте оқыдым, институтты бітіргеннен кейін сол жерде қалдым. 2001 жылы Қазақстанға оралдым, қазір Астанада тұрамын. Қазақстан Президентінің бастамасына келетін болсақ, мен оны қолдаймын. Мәселенің жай-жапсары ол кісіге жақсы таныс. Адамдар арасындағы айтыс-тартыс бәсеңсіп, сабырға келген сәтте мен өз елтаңбам бойынша толық, жан-жақты сұхбат беретін боламын.

Қандай жаңалық бар?

Что нового?

Новости Қандай жаңалық бар?\Что нового? - освещение широкого спектра событий, происходящих в Казахстане, Центральной Азии, СНГ, странах ближнего и дальнего зарубежья.

Newsletter