Метапневмовирусқа байланысты пандемия болуы мүмкін бе? ДДСҰ басшысының жауабы

Метапневмовирус тыныс алу жолдарын зақымдап, өкпенің қабынуын тудыратын вирус.

ДДСҰ басшысының сөзін Венгрияның сыртқы істер және сыртқы экономикалық байланыстар министрі Петер Сийярто жеткізді. Ол Тедрос Гебрейесуспен телефон арқылы сөйлескен.

"Мен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры, менің бұрынғы жақсы әріптесім әрі досым Тедрос Гебрейесуспен телефон арқылы кеңес өткіздім (...) Менің досым Тедрос соңғы бірнеше күн мен апталарда тараған қорқынышты жаңалықтарға қатысты мені тыныштандырды және қазіргі уақытта денсаулық сақтау саласында жаһандық төтенше жағдай қаупі жоқ екеніне сендірді. БАҚ-та кең талқыланған вирус ДДСҰ сарапшыларына жақсы таныс, және ол әдетте қыс айларында бірнеше рет пайда болады", – деп жазды Петер Сийярто Facebook-те.

Метапневмовирус туралы не белгілі

Адамның метапневмовирусы (HMPV) – тыныс алу жолдарын зақымдап, өкпенің жоғарғы және төменгі бөліктерінің қабынуын тудыратын вирус. Бұл вирус алғаш рет 2001 жылы Нидерландыда анықталды, бірақ кейбір деректер бойынша, ол 1950-жылдардан бері адамдар арасында айналымда болған.

Сурет: Midjourney

Қандай жаңалық бар?

Что нового?

Новости Қандай жаңалық бар?\Что нового? - освещение широкого спектра событий, происходящих в Казахстане, Центральной Азии, СНГ, странах ближнего и дальнего зарубежья.

Newsletter