Digital Bridge 2023: Робототехника көрмесінде роботтар шайқасы өтеді

Сондай-ақ мектеп оқушылары мен студенттердің жобалары таныстырылады


12-13 қазанда Астанада Digital Bridge 2023 ірі IT-форумы алаңында FIRST әлемдік қозғалысының чемпион-роботтары шайқасы және Drone racing дрон жарысы өтеді. Сондай-ақ мектеп оқушылары мен студенттердің ауыл шаруашылығы, аэроғарыш құрылысы және киберқауіпсіздік салаларындағы инженерлік-техникалық жобалары таныстырылады.

Роботтар жекпе-жегін басқару пульттері АҚШ пен Австралияда еліміздің атын шығарған робототехника чемпиондары — мектеп оқушыларының қолында болады. Олардың Center Stage маусымының ойын ережелерін сақтай отырып жасаған роботтары түрлі-түсті мозаика жасайды, әуе ұшақтарын ұшырады және «тұғырға» көтеріледі.

Digital Bridge 2023: Робототехника көрмесінде роботтар шайқасы өтеді   2465662 — Kapital.kz

Робототехника көрмесінде қонақтар қызық ойын – дрон баскетболына қатысып, ұшу аппараттарын басқарып, командамен бірге жеңіс үшін күресе алады. Қызығушылық танытқандар ASPANfest чемпиондарының жетекшілігімен Drone Racing-ті де меңгере алады.

Digital Bridge 2023 форумының робототехника аймағында қазір Сингапурде халықаралық FIRST Global Challenge 2023 жарысына қатысып жатқан Қазақстан робототехника құрамасы өнер көрсетеді. Айта кетейік, өткен жылы біздің жігіттер Швейцарияда 190-нан астам елдің командалары арасынан алтын жеңіп алған болатын. Команда өз әсерімен бөлісіп, көпшілікке суды оттегі мен сутегі атомдарына бөле алатын роботты көрсетеді.

Еске салайық, Digital Bridge халықаралық IT форумы 2018 жылдан бері Астанада жыл сайын өткізіліп келеді. Биылғы форумның негізгі тақырыбы қазіргі әлемдегі жасанды интеллектің рөлін талқылау — Artificial and Human Intelligence: The right balance.

Екі күндік форум бағдарламасы аясында Мемлекет басшысының қатысуымен пленарлық отырыс және онымен жеке кездесулер, халықаралық спикерлермен 30-дан астам панельдік сессия, келісімдерге қол қою, Google for Startups серіктестер саммиті, стартаптар туралы «Meet the Drapers» реалити-шоуының түсірілімі, Digital Bridge Awards, Astana Hub Battle, Startup Alley, бос жұмыс орындары жәрмеңкесі және корпорациялар, робототехника, VC, IT мектептер және аймақтық IT хабтар көрмелері өтеді.

Digital Bridge ұйымдастырушылары – Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, Астана қаласының әкімдігі және Astana Hub халықаралық технопаркі. Бас демеуші — Kaspi.kz.

Қандай жаңалық бар?

Что нового?

Новости Қандай жаңалық бар?\Что нового? - освещение широкого спектра событий, происходящих в Казахстане, Центральной Азии, СНГ, странах ближнего и дальнего зарубежья.

Теги

#экономический кризис #ТЦК #туалетная бумага #Сергей Калиновский #УФСИН России #ФСИН России #Республика Саха (Якутия) #Питон-де-ла-Фурнез #Реюньон #ДВО РАН #бар Руки вверх #Зеленоград #Сергей Жуков #Госcовет РФ #Василий Орлов #Манвел Мажонц #Юрий Чайка #Ленинский район #Госсовет Татарстана #внесение вклада солидарности #Иоана Доджою #таможня рт #татарстанская таможня #топливный кризис #градостроительного комплекса #мясные консервы #Ново-Переделкино #инопланетяне #Дан Йоргенсен #СПГ #сход поезда #ПРОИСШЕСТВИЯ: Подробности #хк динамо минск #Уильям Грин #Дэвид Ходне #Рэнди Джордж #японские зоопарки #Зооботанический парк Хигасияма #Нагоя #Московский зоопарк #манулы #Национальная лотерея Великобритании #президент тренировка команда #подарок хоккеисты Белоруссия #Динамо Минск Лукашенко #Белоруссия хоккей новость #Михаил Делягин #Шама #Минобороны Италии #Гуидо Крозетто

Newsletter