Түркістан облысында суға батқан 10-шы адамның денесі табылды

Түркістан облысында Сырдария суына батып кеткен 10-шы адамның денесі табылды.

Құтқарушылар бүгін сағат 10:40 шамасында кәмелетке толмаған жасөспірімнің денесін судан алып шықты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы turkystan.kz.

Енді суға батып кеткен бір адам іздестіріліп жатыр. Ол да кәмелетке толмаған жасөспірім.

Іздестіру шараларына жалпы 150 бригада, 16 техника, 6 жүзу құралы жұмылдырылған.

Айта кетейік, Отырар ауданында бір әулеттен шыққан 4 отбасының мүшесі дарияға демалуға келіп, соңы қайғылы жағдаймен аяқталды. Бүгінде суған батқан 11 адамның 10-ы табылды. Кеше 9-шы адамның жаназасы шығарылып, денелері жер қойнына тапсырылды.

Қандай жаңалық бар?

Что нового?

Новости Қандай жаңалық бар?\Что нового? - освещение широкого спектра событий, происходящих в Казахстане, Центральной Азии, СНГ, странах ближнего и дальнего зарубежья.

Newsletter