Жер сілкінісі кезінде қандай заттар дайын тұру керек?


23 қаңтарда сағат 00:09:02-де Алматының тұрғындары қатты жер сілкінісін сезді. Алматылықтар өз үйлерін тастап, сыртқа шығып жатты, тіпті жалаң аяқ, киімсіз шыққандары да болды. ТЖМ өкілдері мәліметінше, жер сілкінісі Алматыдан бөлек Астана, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды облыстарында және Жетісу облысында да тіркелді. Осыған байланысты дабыл жолдорбасын дайындап қоюға болады, ал ол сөмкенің ішінде қандай заттар дайын тұру керек?

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Massaget.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Алматы ТЖМ өкілдері ұсынған жер сілкінісі кезінде алу керек ең қажетті заттар тізімі:

қолма-қол ақша;
құжаттар (олардың көшірмелері);
бастапқы көмек дәрі қобдишасы;
қыста бір адамға 3-4 литр және жазда 5-6 литр мөлшерінде су;
консервіленген және жоғары калориялы тағамдар;
Гигиена құралдары;
қосалқы киім мен аяқ киім;
көрпелер;
арнайы керек-жарақтар (компас, шам, радио және т.б.).
Керек-жарақ салынған сөмке тым ауыр әрі үлкен болмауы шарт. Дабыл жолдорбасы отбасы мүшелерінің әрқайсысында болуы керек.

Бастапқы көмек дәрі қобдишасына қандай дәрі-дәрмек салу керек?

Спирт;
антибиотиктер;
жараланған жағдайды киімді қырқуға қайшы;
дәке майлықтары;
жапсырма;
медициналық қолғап;
отбасы мүшесінің созылмалы ауруына байланысты жеке дәрі-дәрмек;
жаратаңғыш;
шприц;
ауырсынуды басатын дәрілер.
Айта кетейік, бұған дейін жер сілкінісі кезінде не істеу керегі хабарланған болатын.

Жер сілкінісі кезіндегі іс-қимыл тәртібі:

- ғимараттан шығыңыз (сізде 15-20 секунд уақыт болады);
— егер сіз жоғарғы қабаттарда болсаңыз, кіреберіс есіктің саңылауында тұрыңыз немесе балаларды өзіңізге құшақтап, негізгі қабырғалардың бұрышына отырыңыз;
— ешбір жағдайда терезенің жанында тұрмаңыз және балкондардан секірмеңіз.
— ғимараттардан, құрылыстардан, бағаналардан және қоршаулардан алыс болыңыз;
— үйлерге кірмеңіз: жер сілкінісі қайталануы мүмкін;
— лифттерді пайдаланбаңыз;
— сіріңке, шам жақпаңыз:
— сымдарды ұстамаңыз;
— зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсетіңіз.

Қандай жаңалық бар?

Что нового?

Новости Қандай жаңалық бар?\Что нового? - освещение широкого спектра событий, происходящих в регионах РФ, Центральной Азии, СНГ, странах ближнего и дальнего зарубежья.

Теги

#селекция #Российские военнослужащие #Мухаммед аль-Фарх #Гражданский кодекс РФ #Углегорский район #судебно-медицинская экспертиза #EY-Parthenon #6 трлн #технологический суверенитет #финансовый кризис #Ключевая #национальный проект Семья #Лучанов #каратели #сердечная проводимость #ГКБ Вересаева #армия России #Владимир Сидорович #Оzon #Эмин Агаларов #ОВД Долгопрудного #Борис Надеждин #Минюст России #газпром трансгаз казань #особый порядок суда #подкуп арбитров #Скородумов #Кировский район Казани #дикорастущая конопля #сокращение слов #разговорный письменный язык #Татьяна Гартман #Галина Бобкова #деловая переписка #Исмаил Багаи #поиски женщины #рост доходов #недорогая обувь #недорогая одежда #поддержка отечественных производителей #Патриот #Lockheed Martin #RTX #нацсистема обороны #Юкка-Пекка Шредерус #ядерная угроза #Хельсинки #международный контроль #Дмитрий Стешин #Hornet

Newsletter