Алматыда педофил деген күдікті ұсталды
13 жастағы қыз зорланды деген болжам айтылған.
Оқырмандардың редакцияға берген ақпараты бойынша, 20 сәуірде қаладағы тұрғын үй кешендерінің бірінің тұрағында 13 жастағы қыз зорланды деген болжам айтылған.
Алматы полициясы аталған факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 121-бабы 4-бөлігі "Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері" бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.
"Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Мән-жай анықталып жатыр", — деп қосты полиция.
Сурет: Tengrinews.kz