Қазақстандық жүзгіш Әділбек Мусин Ислам ынтымақтастығы спорт қауымдастығының спортшылар комиссиясының құрамына кірді

Қазақстандық спортшы, жүзуден ұлттық құраманың өкілі Әділбек Мусин Ислам ынтымақтастығы спорт қауымдастығының (ISSA) Спортшылар комиссиясының құрамына сайланды. Бұл туралы Sportinfo.kz ақпарат агенттігі Olympic.kz сілтеме жасап хабарлайды.

Сайлау Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында өтетін Ислам ынтымақтастығы ойындары қарсаңында, қауымдастыққа мүше елдердің ұлттық олимпиадалық комитеттерінің қатысуымен өтті.

Дауыс беруге әр ұлттық комитеттен ұсынылған спортшылар қатысты. Нәтижесінде комиссия құрамына 15 үміткердің ішінен сегізі таңдалды.

Айта кетейік, 2025 жылғы Ислам ынтымақтастығы ойындары 7-21 қараша аралығында өтеді. Қазақстан атынан 100-ден астам спортшы 15 спорт түрі бойынша бақ сынайды.

Қандай жаңалық бар?

Что нового?

Новости Қандай жаңалық бар?\Что нового? - освещение широкого спектра событий, происходящих в Казахстане, Центральной Азии, СНГ, странах ближнего и дальнего зарубежья.

Newsletter