"Үйден ұзатылдым": Роза Рымбаеваның келіні ұзату тойындағы естеліктермен бөлісті
Жұлдызды жұп Әли Оқапов пен Ақерке Бүркітбайдың отау құрғанына үш жыл толды. Өнер иесі желідегі парақшасында ұзату тойында түсірілген бейнежазбаны жариялады. |
Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
“19.08.2020 жыл. Бүгін ұзатылып, жаңа жанұялық өмірге қадам басқан күнім. Ғұмырлы, бақытты отбасы болайық”, – деп жазба қалдырды өнер иесі.
Ақерке Бүркітбай осыдан үш жыл бұрын карантин кезінде тұрмысқа шыққанын еске салды.
“2020 жылы карантин уақыты болған соң ешқайда шыға алмадық. Сол үшін естелік болсын деп видеоны үйдің артында аулада түсіргенбіз. Жақын туыс, ағайын, дос-жаранмен аз ғана адамның басын қосып, ырымын жасап үйден ұзатылдым. 3 жыл өте шықты. Бейнежазбаны анашымның арқасында мұрағаттан тауып алдық. Қандай күшті естелік”, – деп жазды Ақерке Бүркітбай.
Желі қолданушылары жұлдызды жұпты қуанышымен құттықтап, бақыт тіледі.
“Бақытты болыңыздар! Зейіннің ізінен бауырлары ере берсін!”, “Керемет жұпсыңдар! Алла тілмен көзден сақтасын”, “Сіздерге қызыға да қараймын”, “Шаңырақтарыңызға бақыт мәңгі қонақтасын”, “Бағың баянды болсын”, – деп жазды желідегілер.