Мектепке хиджабпен келуге бола ма – министр көпті мазалаған мәселеге нүкте қойды

Үкімет отырысында Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектепке тек мектеп формасын кию керектігін айтты.

Министр мектепке хиджаб киіп келуге қатысты пікірін айтып қана қоймай, барлығы белгіленген тәртіп бойынша болу керектігін мәлімдеді, деп жазады Caravan.kz медиа-порталы Taulik.kz сайтына сілтеме жасап.

«Біздің мемлекетіміз Конституция бойынша зайырлы ел деп есептеледі. Мектеп те зайырлы. Оның үстіне 2016 жылы мектеп формасына қатысты бекітілген бұйрық бар. Онда ешқандай өзгеріс болмады. Сондықтан мектеп формасына қатысты талап бойынша оқушылардың барлығы мектепке тек мектеп формасымен келу керек. Барлығы заң аясында және белгіленген тәртіп бойынша болуы керек, – деді министр.

Еске салсақ, бұған дейін БАҚ өкілдерінің Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевтан «мектептерде хиджаб киюге рұқсат беріле ме?» деген сұрағына нақты жауап бермеген еді.

Қандай жаңалық бар?

Что нового?

Новости Қандай жаңалық бар?\Что нового? - освещение широкого спектра событий, происходящих в Казахстане, Центральной Азии, СНГ, странах ближнего и дальнего зарубежья.

Newsletter