Жәрдемақы мен зейнетақы қаншалықты өсті

1 қаңтардан бастап Қазақстанда ең төменгі стандарттардың жаңа өлшемдері белгіленді.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

1 қаңтардан бастап айлық есептік көрсеткіш (АЕК) 3 692 теңге, ең төменгі зейнетақы – 57 853 теңге, ең төменгі күнкөріс деңгейі – 43 407 теңге, базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері – 28 215 теңге болды.

"Жасына және еңбек сіңірген жылдарына байланысты зейнетақы төлемдерінің мөлшері алынатын мөлшерден 9 пайызға артады", — деп хабарлады департамент басшысы.

Зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі он жыл немесе одан аз болған не ол болмаған кезде базалық зейнетақы төлемі ең төменгі күнкөріс деңгейі мөлшерінің 65 пайызын (60 пайызының орнына) құрайды, оның мөлшері зейнетақы жүйесіне қатысу өтілінің әрбір толық жылы үшін он жылдан астам 2 пайызға, бірақ 105 пайыздан аспайды.

Осылайша, базалық зейнетақының ең төменгі мөлшері 28 215 теңгеге, ал ең жоғары мөлшері — 45 578 теңгеге тең болды.

Жалпы аурудан 1-топтағы мүгедектігі бойынша Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақының мөлшері 95 496 теңгені, 2-топта – 76 мың теңгені және 3-топта – 52 мың теңгені құрайды.

Асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша 1 асырауындағы адамға берілетін жәрдемақы 39 935 теңгені, жәрдемақының ең жоғары мөлшері 126 749 теңгені құрайды.

Еңбекке қабілеттілігінен айырылу және МӘСҚ-тан асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемдердің мөлшері 7 %-ға артады.

Сондай-ақ АЕК мөлшерінің ұлғаюына байланысты №1 және №2 тізімдер бойынша мемлекеттік арнаулы жәрдемақылардың, жерлеуге арналған біржолғы төлемнің, баланың тууына байланысты біржолғы мемлекеттік жәрдемақының және бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтімі бойынша ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақының көлемі артады.

Төрт және одан да көп кәмелетке толмаған баласы бар отбасыларға, "Алтын алқа", "Күміс алқа", бұрын "Батыр ана" атағын алған және I және II дәрежелі "Ана даңқы" орденімен марапатталған аналарға, сондай-ақ Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарға және жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарына берілетін жәрдемақылар көбейді.

Мүгедек баланы (мүгедек балаларды) тәрбиелеп отырған анаға немесе әкеге, бала асырап алушыға, қорғаншыға (қамқоршыға) тағайындалатын және төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақының және бірінші топтағы мүгедек адамды күтетін адамға берілетін мемлекеттік жәрдемақының мөлшері 69 886 теңгені құрайды.

Қандай жаңалық бар?

Что нового?

Новости Қандай жаңалық бар?\Что нового? - освещение широкого спектра событий, происходящих в Казахстане, Центральной Азии, СНГ, странах ближнего и дальнего зарубежья.

Newsletter