Астанада 8 наурыз мерекесіне орай 34 мың әйел адамға біржолғы әлеуметтік төлем беріледі

8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай елордада 34 мыңға жуық көпбалалы аналар біржолғы әлеуметтік төлем алады.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Жергілікті бюджеттен Астана қаласының көп балалы отбасыларына, көп балалы аналарға, оның ішінде аз қамтылған аналар болып табылатын 34 мыңға жуық азаматшаға 2,5 АЕК (9230 теңге) мөлшерінде біржолғы әлеуметтік көмек төленеді.

Төлем Астанада тіркелген және тұрақты тұратын көп балалы отбасыларға, көп балалы аналарға, оның ішінде аз қамтылған аналарға жүргізіледі.

Қандай жаңалық бар?

Что нового?

Новости Қандай жаңалық бар?\Что нового? - освещение широкого спектра событий, происходящих в Казахстане, Центральной Азии, СНГ, странах ближнего и дальнего зарубежья.

Newsletter