Алматы автобустарында жаңа дыбыстық хабарлау жүйесі іске қосылады

Бұл туралы Бостандық ауданының тұрғындарымен кездесу барысында мегаполис әкімі Ерболат Досаев мәлімдеді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы BAQ.KZ-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Қала тұрғыны автобустарда жастар қарт адамдарға, екіқабат әйелдерге орын бермейтін айтып, дыбыстық хабарландыру енгізу ұсынды.

Ерболат Досаев мұндай хабаландырулар автобустарға жазда қосылатынын айтты.

Осы бағыттағы жұмыс қазірдің өзінде жүргізіліп жатыр және осы жылдың 1 шілдесінен бастап қоғамдық көлікке енгізуді жоспарлап отырмыз. Дыбыстық хабарлау жүйесі аялдамалардың атауын хабарлап, қарттар мен жүкті әйелдерге, балалары бар жолаушыларға орын беруге, сондай-ақ бір-біріне құрмет көрсетуге шақыратын болады, — деді әкім.

Қандай жаңалық бар?

Что нового?

Новости Қандай жаңалық бар?\Что нового? - освещение широкого спектра событий, происходящих в Казахстане, Центральной Азии, СНГ, странах ближнего и дальнего зарубежья.

Newsletter