Қазақстандағы ең ірі мұнай-газ компаниясына жарты миллиард теңге айыппұл салынды

Тексеруде Акционерлік қоғамның іс-әрекеттерінде мұнай өнімдерін өткізуді шектеу бөлігінде өзінің үстем жағдайын теріс пайдалану фактілері анықталды.

ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті (бұдан әрі – Департамент) прокуратура органдарымен бірлесіп "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ (бұдан әрі – Акционерлік қоғам) қатысты 2023 жылдың өткен кезеңінде монополияға қарсы заңнаманың сақталуына тексеру жүргізді.

Тексеру қорытындысы бойынша Акционерлік қоғамның іс-әрекеттерінде мұнай өнімдерін өткізуді шектеу бөлігінде өзінің үстем жағдайын теріс пайдалану фактілері анықталды.

Осылайша, Акционерлік қоғам 2023 жылдың қаңтар-сәуір айлары аралығында мұнай өнімдерін сатуға берілген өтінімдерді елемеді, ал кейбір жағдайларда мұнай өнімдерін өткізу мүмкіндігі бар болған жағдайда жеке сатып алушылармен мұнай өнімдерінің көлемін қысқарту жолымен кемсітушілік жағдайлар жасады.

Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, Департамент ҚР ӘҚБтК 159-бабының 3-1-бөлігі бойынша Акционерлік қоғамға қатысты әкімшілік іс қозғады.

Астана қаласының әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 2024 жылғы 27 маусымдағы қаулысымен қоғам 539,4 млн теңге сомаға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Бүгінгі күні айыппұл толық көлемде төленді.

Сурет: Zakon.kz

Қандай жаңалық бар?

Что нового?

Новости Қандай жаңалық бар?\Что нового? - освещение широкого спектра событий, происходящих в Казахстане, Центральной Азии, СНГ, странах ближнего и дальнего зарубежья.

Теги

#Лейла Фазлеева #международное право #ВВС Израиля #исправности #Максим Жук #Форд Фокус #Chery Tiggo #Михаил Исаев #Роман Бусаргин #Залив Кирхзее #Горбатый кит #Тиль Бакхаус #Висмарский залив #Greenpeace #безопасность судов #Министерство иностранных дел #Иисус Христос #Министерство здравоохранения Подмосковья #мобильные медицинские комплексы #хк автомобилист #хк салават юлаев #плей-офф КХЛ #Эстония и Украина #осушитель #техническая неисправность #перестройка мирового порядка #реконструкция зданий #изучение английского языка #госаппарат #халяль #тц #предприятия татарстана #Минэкологии РТ #Кадастровый учет #резина #Токтогульский район #Джалал-Абадская область #Елена Зеленская #чемпионаты мира #хоккеисты #Сахалинские акулы #Валерий Лимаренко #Сахалинская область #ракетная опасность #атака бпла #Александр Дрозденко #Усть-Луга #забывчивость клиентов #сбой перевода #техническая просрочка

Newsletter