Семейде ең үлкен сауда үйіндегі өртті сөндіруге арнайы пойыз тартылды
Бүгін түнде Семейдегі ең үлкен сауда үйі өртке оранды.
Өрт сөндірушілер келгенде эскалатор ауданындағы бірінші қабатта және 2 қабаттағы бутиктер жанып жатты.
Қазіргі уақтта өртті сөндіру жұмыстары жалғасуда.
Өрттің себебі мен алдын ала алаңы анықталуда. Қазіргі уақытта өртті жоюға жеке құрамның 349 адамы, 47 техника және 1 өрт сөндіру пойызы жұмылдырылды.
Сурет: Абай облысы ТЖД