Қызылорда облысының 200 астам тұрғыны алимент төлемегені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Бұл туралы Әділет вице-министрі Бекболат Молдабековтың Қызылорда облысы Арал ауданының тұрғындарымен онлайн-кездесуінде белгілі болды.

Вице-министр айтуынша, Қызылорда облысында алимент бойынша 14 мыңнан астам атқарушылық іс бар.

“Осы жылдың 6 ай ішінде Қызылорда облысында алимент төлеу жөніндегі сот актілерін орындамағаны үшін 263 борышкер әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ішкі істер органдарына қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін 25 ұсыныс жіберілді. Ал 2 іс бойынша сот айыптау үкімін шығарды. Сонымен қатар, 1500 борышкерлерге Қазақстан Республикасының аумағынан шығуға уақытша тыйым салынды”, — деді Бекболат Молдабеков.

Сонымен қатар, іс-шара барысында Қызылорда облысының тұрғындары Digital Justice – Цифрлық Әділет жобасы аясында іске асырылған мобильді қосымшаларды белсенді пайдаланатыны белгілі болды.

Мәселен, Қызылорда облысының мыңнан астам тұрғыны мобильді қосымша арқылы некелерін тіркеді, үш мың туу туралы куәлік алды, 484-ке жуық ЖШС тіркеуге өтінім берілді.

Министрлікпен Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін "Digital Justice" жобалар портфелі іске асырылуда. Онда келесі жобалар: “Цифрлық нотариат”, “Е-заң көмегI”,”Аттестаттау реинжинирингі”, “е-атқарушылық іс жүргізу” және “Онлайн дауыс беру және МИБ тіркеу” жүзеге асырылады.

Қазіргі таңда, мобильді қосымшаларда қол жетімді 32 қызметтер, оның ішінде 28-і EgovMobile арқылы іске асырылды, 4 қызмет банктердің мобильді қосымшалары арқылы қол жетімді.

Сурет: ашық дереккөздерден

Қандай жаңалық бар?

Что нового?

Новости Қандай жаңалық бар?\Что нового? - освещение широкого спектра событий, происходящих в Казахстане, Центральной Азии, СНГ, странах ближнего и дальнего зарубежья.

Теги

#черемшанский район #МВД по Татарстану #Мак #Георгий Пирогов #польские спецслужбы #Мосгорсуд #Роскомнадзор #замедления #Россия – Китай #форум РОСТКИ #новости Казани #национальный костюм #Хмельницкое #Михаил Развожаев #Севастополь #выпечка #Южная Осетия #Киргизия #Белоруссия #Абхазия #полезная информация #Энергетическая инфраструктура #Иркутская область #блины #Владислав Овчинский #ВАО #строительство в Москве #новая волна #Ак Барс Арена #Чернигов #Запорожская область #ВСУ #террористическая активность #Служба безопасности Украины #Национальный антитеррористический комитет #Сумская область #порт Измаил #железнодорожная станция #Минобороны РФ #административный арест #беженцы с Украины #Владимир Зеленский #устройства #ВС РФ #СВО #спецоперация на Украине #война в Иране #эксклюзивные новости #эксклюзив #клиенты банка

Newsletter