Абай облысында жаңа зауыттың құрылысы жүріп жатыр

Мақаншы ауданында май өндіретін зауыт салынып жатыр.

Жобаның жалпы құны – 8 миллиард теңге. Оның 3 миллиарды – инвесторлардың жеке қаражаты. Кәсіпорын толық іске қосылған кезде жылына 1000 тоннаға дейін тазартылған күнбағыс майын өндіреді деп жоспарланып отыр. 120 жаңа жұмыс орны ашылады. Қазіргі таңда нысанда құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде. Жобаны толық аяқтау мерзімі – 2027 жылдың желтоқсан айы. Облыс әкімі Берік Уәли ауданға жұмыс сапары барысында май зауытының құрылыс барысымен танысты. Жобаның өңір үшін маңызды екенін атап өтті.

"Мақаншыда салынып жатқан май зауыты – тек аудан үшін емес, жалпы облыс үшін де маңызды өндіріс орны болмақ. Бұл ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеуге мүмкіндік береді. Ең бастысы – жаңа жұмыс орындары ашылып, халықтың табысы артады. Сондықтан бұл жобаны мерзімінде аяқтау қажет. Біз туған жерге туын тігіп, өңірге инвестиция салам дейтін азаматтарды қолдаймыз. Әкімдік тарапынан тиісті көмек көрсетілетін болады", — деді аймақ басшысы.

Облыс әкімі жұмыс сапары барысында Мақаншы ауылындағы Жеңіс паркінде жүргізіліп жатқан жаңғырту жұмыстарымен танысты. Қазір мұнда керамикалық тақтайшалар төселіп, жаяу жүргіншілер жолдары, жарықтандыру жүйесі жаңартылуда. Аудан әкімі Дәурен Қойгелдиннің айтуынша, паркте «Ұлы дала» алаңы жасалып, маңызды іс-шаралар осында өтетін болады. Сондай-ақ аудан орталығында Қабанбай паркі жөнделуде. Екі демалыс орнының жаңғыруына облыстық бюджеттен қаржы бөлінген. Жөндеу жұмыстары шілде айында аяқталмақ.

"Мақаншы – облыс орталығынан шалғайда жатқан аудан. Шекаралық ауданның өзекті мәселелерін жақсы білемін. Ауданда биыл үлкен жобалар жүзеге асырылып жатыр. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасады", – деді аймақ басшысы.

Сурет: Абай облысы әкімінің баспасөз қызметі

Қандай жаңалық бар?

Что нового?

Новости Қандай жаңалық бар?\Что нового? - освещение широкого спектра событий, происходящих в Казахстане, Центральной Азии, СНГ, странах ближнего и дальнего зарубежья.

Теги

#Раис Татарстана #коммунальные платежи #Череповец #Вологодская область #Сындасско #Хатангский залив #Таймыр #государственная помощь #Кумамото #Кюсю #Канал Пинлу #Гуанси-Чжуанский автономный район #АСЕАН #Южно-Китайское море #Русская литература #Молодежный фестиваль #Елена Яковлева #Екатеринбург #артиллерийская поддержка #Сергей Ветров #Творческий эксперимент #Светлана Колосова #Михаил Гребенщиков #Фабрика звезд #Юлия Савичева #Комитет туризма Армении #Челны #сбили девушку #пластика носа #Сергей Зверев #Филипп Киркоров #выносливость на тренировках #витамины группы B #Андрей Скальный #дефицит железа #микронутриенты #международная коалиция #Ярмарки #Матвиенко #Новороссийск #Тува #Рабочая партия #Джордж Гэллоуэй #Scania #Mitsubishi #Удмуртия #Госавтоинспекция #центра погоды Фобос #департамент природопользования #летучие мыши

Newsletter