Абай облысында Алакөлге ағылған туристер ағынына байланысты жолдарда қауіпсіздік шаралары күшейтілді

Бұл туралы облыстық ПД-нің баспасөз қызметі хабарлады.

Осыған байланысты Мақаншы ауданы аумағында жол-көлік оқиғаларының алдын алуға бағытталған профилактикалық іс-шаралар күшейтілген режимде жүргізілуде.

Полиция қызметкерлері жүргізушілермен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, жолда жүру ережелерін қатаң сақтау қажеттігін ескертіп келеді.

Әңгіме барысында жылдамдықты асырмау, мас күйінде рульге отырмау, жаяу жүргіншілерге жол беру, қауіпсіздік белдігін тағу секілді негізгі ережелер міндетті түрде сақталуы тиіс екені еске салынуда.

Сонымен қатар, жол бойында арнайы жылжымалы медициналық пункттер де ұйымдастырылып, жүргізушілердің денсаулық жағдайы тексерілуде.

Медициналық тексерудің мақсаты – жол үстінде күтпеген жағдайлардың алдын алып, жүргізушінің жолда өзін жақсы сезінуін қамтамасыз ету.

Мақаншы ауданы аумағында өткізіліп жатқан бұл алдын алу шаралары – жол-көлік оқиғаларын азайту, туристер мен жергілікті тұрғындардың өмірі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы жүйелі жұмыстың бір бөлігі.

Сурет: Абай облысы ПД баспасөз қызметі

Қандай жаңалық бар?

Что нового?

Новости Қандай жаңалық бар?\Что нового? - освещение широкого спектра событий, происходящих в регионах РФ, Центральной Азии, СНГ, странах ближнего и дальнего зарубежья.

Теги

#газпром трансгаз казань #особый порядок суда #подкуп арбитров #Скородумов #Кировский район Казани #дикорастущая конопля #сокращение слов #разговорный письменный язык #Татьяна Гартман #Галина Бобкова #деловая переписка #Исмаил Багаи #поиски женщины #рост доходов #недорогая обувь #недорогая одежда #поддержка отечественных производителей #Патриот #Lockheed Martin #RTX #нацсистема обороны #Юкка-Пекка Шредерус #ядерная угроза #Хельсинки #международный контроль #Дмитрий Стешин #Hornet #Saint Tropez Twist #Il sorpasso #Франко Скипани #Пеппино Ди Капри #Сан-Ремо #REWE #Императорская армия Японии #Олег Айрапетов #японско-китайская война #Нанкин #Нанкинская резня #Метлайф Стэдиум #Союз независимых социал-демократов #2021 год #родители школьников #Кремлёвский ястреб #Флоридсдорф #Дмитрий Головкин #ТЭ-6769 #межевание #Александр Манько #Тоне Кайзер #Йоханн Вадефуль

Newsletter