Волонтерлік және азаматтық бастамаларды дамытуға 1 миллион теңге грант беріледі


Гранттың жалпы саны – 96.


Мәдениет және ақпарат министрлігі Азаматтық бастамаларды қолдау орталығымен бірлесіп, шағын гранттар байқауына өтінім қабылдау басталатынын хабарлады. Жеңімпаздарға 3 айға дейінгі мерзімде жобаны жүзеге асыру үшін 1 000 000 теңгеге дейін қаржыландыру, сондай-ақ ұйымдастырушылар тарапынан әдістемелік қолдау көрсетіледі.

Гранттар келесі бағыттар бойынша беріледі:

  • волонтёрлік бастамаларды дамыту (төтенше жағдайлар, экология, медицина, мәдениет, әлеуметтік бағыт, жануарларды қорғау) – 60 грант;
  • инклюзивті қоғамды дамыту – 18 грант;
  • ауылдық жерлерді дамытуға арналған бастамалар – 18 грант.

Өтінімдер 2026 жылғы 13 сәуірден 30 сәуірге дейін қабылданады.

Байқауға келесі үміткерлер қатыса алады:

  • тіркелген үкіметтік емес ұйымдар (ҮЕҰ);
  • волонтёрлік жобалар бойынша бастамашыл топтар;
  • волонтёрлік жобалар бойынша 18 жастан асқан жеке тұлғалар.

Толық ақпаратты Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының www.cisc.kz сайтында оқуға болады.

Еске салайық, өткен жылы 136 шағын грант аясында белсенді азаматтар мен ҮЕҰ өз жобаларын табысты түрде жүзеге асырды. Нәтижесінде еліміз бойынша 10 мыңнан аса азаматқа нақты көмек көрсетіліп, 500-ден астам іс-шара ұйымдастырылды. Жобалар аясында 5 мың ауыл тұрғыны қамтылып, 1 мыңнан астам мүгедектігі бар азамат кәсіп игеріп, жаңа мүмкіндіктерге қол жеткізді. Сонымен қатар 4 мыңнан астам адам волонтёрлік қызмет, алғашқы көмек көрсету, төтенше жағдайларда әрекет ету және қарттарға күтім жасау дағдыларын меңгерді. Волонтёрлердің белсенді қатысуымен 400-ге жуық ерікті археологиялық экспедициялар жұмысына тартылып, тарихи-мәдени мұра нысандарымен жүйелі жұмыс жүргізілді. Сондай-ақ ветеринарлық көмекке мұқтаж 352 жануар қамтылып, экологиялық акциялар өткізіліп, 1 тоннадан астам қоқыс қалдығы жиналды.


Оқи отырыңыз:

  • Қазақстандағы волонтёрлердің саны 300 мыңға жетті – Тоқаев
  • Қазақстанда 3,5 мыңнан астам волонтёр заңгер, адвокат, нотариус тегін құқықтық көмек көрсетеді

Қандай жаңалық бар?

Что нового?

Новости Қандай жаңалық бар?\Что нового? - освещение широкого спектра событий, происходящих в регионах РФ, Центральной Азии, СНГ, странах ближнего и дальнего зарубежья.

Newsletter